+7 771 213 31 49

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҰҒЫРЫН
БІРГЕ БЕКЕМДЕЙІК!

«Тіл жанашыры» жобасының
басты миссиясы

Қазақ тілінің заңға сәйкес дұрыс қолданылуын қадағалау, қазақ тілінің мәртебесі жолында еңбек ету.

Жоба авторы - Тастекей Дулат Тұрсынұлы

logo обновленный

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғалы 30 жылдан асты. Өкініштісі, әлі күнге дейін қазақ тілінің мәртебесі тек қағаз жүзінде қорғалып келеді.

Түрлі деректеме мен көрнекі ақпараттардағы қателіктер жаға ұстатады. Бұл мәселе әр қазақты ойландыруы тиіс. Олай болса, біздің мақсатымыз – сол қателіктерді түзетіп, ана тіліміздің абыройын көтеру.

  • Әртүрлі нысандардағы қазақ тілінде мүлде ақпарат берілмеген немесе қате аудармаларды, орфографиялық қателіктерді суретке түсіру;
  • Суретті нақты мекенжаймен қоса біздің ресми WhatsApp нөмірімізге жолдау және өз ұсынысын білдіру, бізбен мақұлдасу;
  • Сол нысанға жауапты тұлғаға орын алған олқылық жөнінде айту, ескерту және оны жөндеуін өтіну;
  • Көрсетілген қателіктер түзетілгеннен кейін нысанды суретке түсіріп, оны біздің ресми whatsapp нөмірімізге жолдау.

 Тіл жанашыры қателіктерді түзету барысында кез келген тұлғамен сыпайы сөйлесуі қажет. Нысанға жауапты тұлға қателіктерді түзетуден бас тартқан жағдайда толық ақпаратты біздің WhatApp нөмірімізге жолдауын өтінеміз.

Жылдың соңына дейін ең үздік нәтиже көрсеткен 3 Тіл жанашырына ақшалай сыйлықтар табысталады.

Сыйақы көлемі

500 000

теңге

300 000

теңге

100 000

теңге

Сонымен қатар еліміздің әр өңірі бойынша үздік нәтиже көрсеткен 20 тіл жанашыры сапалы свитшоттармен марапатталады.

Жоба жеңімпаздары қателерді табу, оларды нысан иесіне жеткізу және шын мәнінде өзгерту бойынша нақты нәтиже санымен анықталады.

Жеңімпаздар желтоқсан айында анықталып, марапатталады

ӨЗ ТІЛІҢЕ ҚЫЗМЕТ ЕТ!

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі.

Ахмет Байтұрсынұлы

© «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ​​ақпанында шығарған.

Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж